[ close ]

Тауарды айырбастау, қайтару шарттары.

ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ (05.07.2011 Ж. ӨЗГЕРТУЛЕРМЕН)

14-бап. Тұтынушылардың тиісті сападағы тауарды айырбастау немесе қайтарып беру құқығы

1. Сатып алушы өзіне азық-түлікке жатпайтын тауар берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы (дайындаушы) неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, бағасында айырма болған жағдайда сатушымен (дайындаушымен) қажетті қайта есеп айырыса отырып, басқа мөлшердегі, нысандағы, габариттегі, пішіндегі, түстегі, жиынтықталымдағы соған ұқсас тауарға айырбастауға құқылы. Айырбастау осы Заңның 30-бабына сәйкес жүргізіледі.

2. Сатушыда (дайындаушыда) айырбастауға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға (дайындаушыға) қайтарып беруге және оған төленген ақшалай соманы қайтарып алуға құқылы.

3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарды сатып алу орны айырбастау немесе қайтарып беру орны болып табылады.

15-бап. Тұтынушылардың тиісті емес сападағы тауар сатылған жағдайдағы құқығы

1. Тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы (дайындаушы) оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша:

1) сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді;

2) тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге құқылы.

Тиісті емес сападағы тауарды сатушы оның дайындаушысы болып табылмаған жағдайда, осы тармақтың 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкін.

3) тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;

4) соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;

5) сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды;

6) шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) - 6) тармақшаларында көрсетілген талапты таңдауына қарамастан, келтірілген залалды өтету құқығы тұтынушыға тиесілі болады.

2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұтынушы тауарды сатып алу орны бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптарды қоюға құқылы.

3. Тұтынушы, осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар осы Заңда белгіленген мерзімде анықталған жағдайда, осы талаптарды қоюға құқылы.

30-бап. Сатушының (дайындаушының) тиісті сападағы да, тиісті емес сападағы да тауарды сату кезіндегі міндеттері

1. Тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмеген жағдайда, егер тұтынушы осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, онда тауарды айырбастау немесе қайтару жүргізілуге тиіс.

2. Тұтынушы тауардың кемшіліктерін тапқан және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда, сатушы (дайындаушы) оны дереу ауыстыруға, ал сатушыға (дайындаушыға) тауардың сапасын қосымша тексеру қажет болған кезде - тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ауыстыруға міндетті.

Тауар (жиынтықтаушы бұйым) ауыстырылған кезде, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі оны тұтынушыға берген күннен бастап қайтадан есептеледі.

3. Тауарда табылған кемшіліктерді тұтынушының келісімімен сатушы (дайындаушы), егер шартта өзгеше мерзім белгіленбесе, тиісті талап қойылған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде жоюға тиіс.

Тауардың кемшіліктері жойылған жағдайда оған кепілдік мерзімі тауар пайдаланылмаған уақытқа ұзартылады. Көрсетілген уақыт тұтынушының тауардың кемшіліктерін жою туралы талаппен жүгінген күнінен бастап тұтынушының талабы орындалған кезге дейін есептеледі.

4. Сатушы (дайындаушы) кепілді мерзімін белгілемеген тауарға қатысты, не осы Заңның 17-бабы 2-тармағының төртінші абзацында көзделген жағдайда және тәртіппен, егер тұтынушы тауардың кемшіліктері тұтынушыға берілгенге дейін пайда болғанын немесе сол кезге дейін пайда болған себептерден туындағанын дәлелдесе, тауардың кемшіліктері үшін сатушы (дайындаушы) жауап береді.

Сатушы (дайындаушы) сатылған (дайындалған) тауардың кемшіліктері үшін олар жөнінде өзі білмеген жағдайда да жауап береді. Сатушыны (дайындаушыны) жауапкершіліктен босату туралы немесе оны шектеу туралы келісім жарамсыз болады.

5. Сатушы (дайындаушы) кепілді мерзімін белгілеген тауарға қатысты, сатушы (дайындаушы) егер тауардағы кемшіліктер оларды тұтынушыға бергеннен кейін тұтынушының тауарды пайдалану немесе оны сақтау ережелерін бұзуы не үшінші бір тұлғалардың іс-әрекеті немесе еңсерілмейтін күштің салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, тұтынушының талаптарын қанағаттандыруға міндетті.

6. Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тұтынушының талаптарын орындауды кешіктіргені үшін осындай бұзушылықтарға жол берген сатушы (дайындаушы) тұтынушыға мерзімі өткен әрбір күн үшін тауар құнының бір пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

7. Тауар үшін төленген ақшаны тұтынушыға қайтару кезінде сатушы (дайындаушы) одан тауардың толық немесе ішінара пайдаланылуы, оның тауарлық түрін жоғалтуы немесе басқа да осындай мән-жайлар себепті тауардың құны төмендеген соманы ұстап қалуға құқылы емес.

Кемшіліктері бар тауарды дәл сондай маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыру кезінде бағаны қайта есептеу жүргізілмейді.

Шартты бұзу кезінде тұтынушымен есеп айырысу тауардың бағасы шартты бұзу сәтіндегі бағасына қарай көтерілген жағдайда, ал баға төмендеген жағдайда - сатып алу сәтіндегі тауардың бағасына қарай жүргізіледі.

Кемшіліктері бар тауарды басқа маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстырған кезде, егер ауыстыруға жататын тауардың бағасы ауыстырылып берілген тауардың бағасынан төмен болса, тұтынушы баға айырмашылығын төлеуге тиіс. Тұтынушы қосымша ақы төлеуден бас тартқан жағдайда тараптар шартты бұзып, тұтынушыға сатып алынған тауарға төленген ақшалай сома қайтарылады. Ауыстыруға жататын тауардың бағасы ауыстырылып берілген тауардың бағасынан жоғары болған жағдайда, баға айырмашылығы тұтынушыға төленеді. Көрсетілген есеп айырысуларда ауыстыруға жататын тауардың бағасы көтерілген жағдайда – оның талап қойылған кездегі бағасы, ал бағасы төмендеген жағдайда сатып алу кезіндегі бағасы қолданылады.

8. Сатушы (дайындаушы) тұтынушыға тиісті емес сападағы тауарды жеткізуге және (немесе) қайтарып беруге байланысты шығыстарды өтеуге міндетті.

9. Сатып алынатын тауарға ақы төлеу нысаны тұтынушы мен сатушы (дайындаушы) арасындағы келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалады.

Тауарды қайтару туралы

Тауар тауарлық қаптамамен бірге сәлемдемеге орналастырылуы тиіс. Тауарды қосымша пошта қаптамасынсыз қайтаруға жол берілмейді.

Сатып алушы өзінің тұтыну қасиеттері, тауарлық түрі және сатып алу кезінде тауарға қоса берілетін құжаттар, оның қаптамасы сақталған жағдайда, тиісті сападағы тауарды 14 күн ішінде қайтаруға құқылы.

Сатып алушы сапасыз тауарды өзінің кепілдік мерзімі шегінде қайтаруға құқылы, ол 1 жылға тең келеді және Сатып алушы Тауарды алған күннен бастап есептеледі. Егер тауарға ілеспе құжаттарда басқа мерзім белгіленсе, кепілдік мерзімі осы басқа мерзімге тең болады.

Кез келген тауарды қайтару Шарт-тапсырыста, атап айтқанда, Тауарды қайтаруға арналған өтініште көрсетілген мекенжай бойынша жүргізіледі.

[ close ]